"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

08 Қаңтар 2018

«Қыс келбеті» сурет салу сайысы


     Қысқы демалыс күндері №5 балалар кітапхана-филиалы жас оқырмандар арасында «Қыс келбеті» тақырыбында сурет салу сайысын ұйымдастырды.   Балалар өздерінің қиялдарындағы қыстың әдемі келбетін қағаз бетіне ерекше бейнелермен бейнелеуге тырысты. Олардың салған шыршасы, Аяз ата мен Ақшақары, таудан шанамен, шаңғымен сырғанаған балалар бейнесі, түрлі қар мүсіндері – адамға керемет көңіл-күй сыйлайды. Жас суретшілердің суреттері қиялға бай, әдемі, табиғаттың қысқы ертегідегідей кейпін өздері қалай көріп сезінсе, сол қалпында бейнелеген. Бұл сайыста достық жеңді және барлық сайысқа қатысқан балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика