"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

12 Желтоқсан 2017

«Мен Қазақстанды сүйемін» мәнерлеп оқу сайысы


    «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қарсаңында А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы ЖББ №17 мектеп-лицейімен бірлесе отырып, «Мен Қазақстанды сүйемін» мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Сайысқа белсене қатысқан бастауыш сынып оқушылары бар өнерлерін ортаға салып, оқыған өлеңдері тыңдарманын тебірентті. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, ерекше өнер көрсеткен, оқу мәнері жақсы, әртістік қабілеті басым жеңімпаздар «Ең үздік оқырман», «Ең сезімтал оқырман», «Оқудың шынайылығы үшін» номинациясын иеленді. 1-3 орын иегерлеріне диплом мен «Хафизов» ЖК тағайындаған тәттілер мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Балалар өз міндеттерін жоғары деңгейде орындап шықты, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Барлығынан оза шапқан 3 сынып оқушысы Д.Крюков І дәрежелі диплом иегері атанды. ІІ дәрежелі дипломмен – М.Варкентин және В.Ничипуренко, ІІІ дәрежелі дипломмен - В.Колесникова, Д.Мурадбекова и А.Саламатова марапатталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика