04 Желтоқсан 2017
А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында қызықты сәттерге толы мектепке дейінгі жастағы балалар күні болып өтті. Кітап ханшайымы балалармен білімге толы ғажайып әлемге саяхат жасап, жас оқырмандарға кітаптарға ұқыпты қарауды үйретті. Балалар саяхат барысында кітапхана, абонемент, формуляр, оқу залы туралы түсініктерін кеңейтіп, құпия сандықтың жұмбақтарын шешті.