"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

30 Қараша 2017

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Әлемдік тұлға» ақпараттық сағаты


     С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Әлемдік тұлға» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.  «Кәусар» әдеби-жастар клубының мүшелері Ә.Бақытжанқызы, С.Әбден, Б.Тұрғанова, Ә.Қалымбетов  Елбасына арнауларын тамаша тебіреніспен жеткізіп, Абай атындағы №2 лицейдің кітапханашысы Х.Булганбай Елбасының өмірі мен бағындырған белестеріне тоқталып өтті. Үш тұғырлы тілді ту еткен жастарымыз - Балқаш көпсалалы колледжінің 2 курс студенті С.Ельшибеков,  Балқаш Сервис колледжінің 3 курс студенті  И.Федорова және Абай атындағы №2 лицейдің 9 сынып оқушысы А.Кемелбекова елін жарқын болашаққа жетелеген ұлт көшбасшысы жайлы өз толғаныстарымен бөлісті.  Елбасының еңбек жолы мен саяси қызметіне байланысты дайындалған викториналық сұрақтарға мүдірмей жауап берген қатысушылар өздерінің білгірліктерін көрсетті. Шара барасында «Елбасы – ел тірегі, абыройы, айбаты» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. М.Хамзин атындағы мәдени сауықтыру орталығының әншісі Е.Баймағамбетовтың орындауындағы «Сарыарқа» әні әсерлі шығып, жастардың бойындағы ұлттық рухты асқақтата түсті.    

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика