"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Қараша 2017

«Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» ақпарат сағаты


      23 қараша күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада  рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» атты ақпарат сағаты өтті. Аталмыш шараға академик Ж.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінің студенттері мен ЖББ № 9 мектептің оқушылары қатысты.
    Ақпарат сағаты «Балқашым – бағым, сан сүрлеу  жолдардан гүлденген тағдырың» атты бейнебаянмен басталып, онда Балқаш көлінің айналасындағы елсіз қу даладан бастап, қаланың қарқынды құрылысы мен алғашқы құрылысшылары, Қоңыраттағы  тұңғыш кен орнының ашылуы және бүгінгі көркейген Балқаштың даму жолы баяндалды. Кітапхана сайтындағы «Балқаш өңіріне  танымал есімдер» айдары бойынша қаланың Құрметті азаматтары мен танымал тұлғалары туралы мәліметтер айтылды. Қатысушылар білімдерін сынау мақсатында «Қазақстаным – мақтанышым» сөзжұмбағын шешіп, «Аялдама» танымдық ойынында қала тарихына арналған суреттер мен сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Мектеп оқушылары да белсене қатысып, Қ.Сәденовтың «Балқашқа арнау», Қ.Аманжоловтың  «Туған жер» және еңбек туралы өлеңдерін жатқа айтты. Шараға белсене қатысқан қатысушылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика