"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

23 Қараша 2017

«Береке басы – елеулі еңбек» мамандар күні


     №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне орай «Береке басы – елеулі еңбек» атты мамандар күні өтті. Туған өлкенің белді тұлғаларын құрметтеп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беруге бағытталған шараға ауыл шаруашылық саласының білікті маманы, өз ісінің шебері Исабек Қанатбекұлы және ҚР Халық қаһарманы Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің Э-16-1 тобының 2 курс студенттері мен ұстаздары  қатысты.

     Исабек Қанатбекұлы  оқырмандарға өзінің еңбек жолын айта отырып, жаңаша ұйымдастырылып отырған шаруашылық түрлерімен, шағын бизнесті табысты игеру жолдарымен таныстырды. Жастардың  көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, қажырлы еңбек қана адамды ер атандыратынын айтып өтті.

      Шара соңында, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығының өнерпазы Е.Баймағамбетов «Ауылым» әнін тарту етті.

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика