"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Қазан 2017

«Ұлттың ұлы жазушысы» әдеби сағаты


    Қазақ халқының мәдени, әдеби даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі аса ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алатын орны ерекше.

    27 қазанда С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада М.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы жазушысы» атты әдеби сағат болып өтті. Жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын қамтыған шараны кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер Т.Мұқажанов алғы сөзімен ашты. Рухани азық болған шараға №15 мектеп-лицейінің және №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектептің кітапханашылары  Г.Башарова, Ә.Шаймерден, мектеп оқушылары, Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттері белсене қатысты. №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектептің 8-сынып оқушылары – Д.Макен, А.Нұрлыбекқызы, Н.Аманжол М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасынан сахналанған үзінді қойып, қатысушылардың ықыласына бөленді. «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің әншісі О.Дәріғұлдың орындауындағы «Өлсем орным қара жер», «Сайра бұлбұл», «Тау ішінде» әндері шараның көркін жандандыра түсті.

    Кітап көрмесіндегі жазушының шоқтығы биік туындыларына шолу жасалып, қатысушылар назарына бейнеклип ұсынылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика