"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

13 Қазан 2017

«Балқашым – туған мекенім, мәңгілік мақтан етемін» танымдық сағаты


     12 қазан күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың ақпараттық-кітапнама бөлімінің қызметкерлері «Балқашым – туған мекенім, мәңгілік мақтан етемін» тақырыбында танымдық сағат өткізді.

    Жасөспірімдердің Балқаш қаласының тарихын біліп, туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеуге бағытталған шараға Балқаш сервис  және медициналық колледждерінің студенттері белсене қатысты. Танымдық сағаттың әр кезеңдері қатысушылардың ерекше қызығушылығын оятты. «Қаланың басталу тарихы» кезеңінде қаламыздың алғашқы құрылысшыларының ерен еңбегі баяндалса, «Ұяшықтар», «Суреттен танып сөйле» кезеңдерінде өз білімдерін шыңдап, сұрақтарға белсене жауап берді. Шара барысында жергілікті ақын-композитор Қ.Сәденовтың «Балқашқа арнау» өлеңі оқылып, «Балқашым, әнім менің» әні орындалды.

    Қорытындылау кезеңінде «Болашақ» талына Балқаш қаласына арнаған арман-тілектерін жазып қалдырды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика