"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

10 Қазан 2017

«Халқына қақ жарылған қайран жүрек» өлеңдер байқауы


      Тар заманның тайғақ кешулерінде жалынды жырларымен күркіреп шыққан Мұхтар Шаханов – патриоттық рухқа толы өлеңдерімен бағалы.

     Заманымыздың заңғар ақынының мерейтойы қарсаңында №1 кітапхана–филиалы «Халқына қақ жарылған қайран жүрек» атты  өлеңдер байқауын өткізді. Байқауға қала білім ордаларының оқушылары мен студенттері қатысып, қаламгердің шығармаларын дәріптеп, өзара сынға түсті. Байқауды ақын Мөлдір Бөлекова мен кітапханашы Меңдігүл Утепова бағалады. Кәусар жырларымен БГТК 1 курс студенті А.Советалы, №15 мектеп-лицейінің оқушылары – А.Қуанышбекова, О.Павлик, Н.Қали, №16 мектептің оқушысы А.Төлеубекова көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Шара барысында кітап көрмесі таныстырылып, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика