"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Қазан 2017

«Туған күніңмен, Балқаш!» әдеби сағат


    С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада  «Туған жер» бағдарламасы аясында  «Туған күніңмен, Балқаш!»  атты жас ақындар шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

      Кеш қонақтары туған қаласын жырларына арқау еткен ақындарымыз, «Қаламгер» клубының мүшелері Мөлдір Бөлекова мен сазгерлігімен танымал Қуандық Сәденов қатысты. Іс-шара қала мектептері мен колледждерінен келген әдебиетке жақын, шығармашыл, өзіндік жазу өрнегі бар жас таланттардың өнерін жандандыру, шығармашылығын шыңдау, қаламын ұштап, аға буын өкілдерінің дара жолын үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды. Балқаш маңызды білім беру колледжінен А.Климова,  №7 мектеп-гимназиясынан Г.Көпбаева  мен  Абай атындағы №2 лицейінен Н.Тоғайбай өздері шығарған өлеңдерін оқып берді.

     Әдеби кеш ақындарымыздың жастарға сәттілік тілеуімен жалғасып, жастарымыз «Кәусар» әдеби-жастар клубының мүшелігіне қабылданды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика