"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Қазан 2017

«Латын қарпіне көшудегі өзекті мәселелер» ойын-викторинасы


    Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында  2017 жылдың соңына дейін ғалымдар мен қалың жұртшылық негізінде қолданысымыздағы кириллица қаріптерінің орнын басатын латын әліпбиінің  бірыңғай нұсқасын қабылдауды тапсырған болатын. 

    Қазан айының 4 жұлдызында №5 кітапхана-филиалында балалар арасында  «Латын қарпіне көшудегі өзекті мәселелер»  атты  ойын-викторинасы  өткізілді.  Ең алдымен, кітапханашы балаларға латын әліпбиі туралы қысқаша мағлұмат беріп, оның маңызы жөнінде тоқталып өтті. Қатысушылар «Тапқырлар» мен «Білгірлер»  тобы болып екіге  бөлініп, «Кім жылдам?»  ойынын ойнады. Олар көрсетілген латын әрпінен басталатын сөздерді ойлап тауып, викториналық сұрақтарға жауап берді. «Ойлан, тап» ойынында жасырынған жұмбақтардың жауабын латын әліпбиінде жазып көрсетті. Топтардың ұпай саны жұлдызшалар беру арқылы   бағаланды.  

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика