"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

29 Қыркүйек 2017

«Кітапханашылармен ой бөлісу» әдістемелік сағат


   21-22 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Ақмола облысы Әкімшілігімен бірлесе өткізген «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті – жастарға бағыт» тақырыбындағы республикалық Жас кітапханашылар форумына Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы басшысының міндетін атқарушы Г.А.Бегимова қатысты.

    Форумның мақсаты – мемлекеттік  кітапханалар жүйесіндегі жас мамандардың кәсіби және әлеуметтік қолдау жүйесін құру арқылы Қазақстан кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастыру және сақтау. Сондай-ақ, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау болып табылады.

    28 қыркүйекте С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада Г.А.Бегимова өткізілген форум барысымен таныстыру мақсатында кітапханашыларға әдістемелік сағат ұйымдастырды. Шара барысында, форумнан алған әсері мен видеолармен бөлісті. Кітапхана саласының аға буын өкілдері Н.Г.Гуляева, Р.Г.Искакова еңбек тәжірибесіндегі қызықты да қиын сәттерімен бөлісті. Жас кітапханашылар «Ой қозғау» арқылы сұрақтарға ұтымды жауап беріп, алған әсерлерін латын әліпбиінде тақтаға жазып қалдырды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика