"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Қыркүйек 2017

"Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты VII дәстүрлі Қасым Аманжолов оқуларының облыстық жеңімпаздары, біздің оқырмандарымызды жеткен жеңістерімен құттықтаймыз


     Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы – ел Тәуелсіздігін одан әрі нығайту бойынша еліміздің жастарына арналған жол картасы. Соның ішінде Жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған "Туған жер" бағдарламасы аясында Қарағанды облысында ауқымды істер атқарылып жатыр. Осы бағдарлама аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты  VII дәстүрлі  Қасым Аманжолов оқуларының байқауы ұйымдастырылды. Байқау 13 пен 21 жас аралығындағы жастар арасында өткізілді. Қарағанды облысы аудандары мен қалаларынан барлығы 100 адам қатысуға өтініш білдірді. Қыркүйек айының 27 жұлдызында байқау қорытындысы жарияланды. http://www.karlib.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/2622-kasym

     Балқаш қаласының орталықтандырылған  кітпхана жүйесінің атынан байқауға кітапхананың оқырмандары Аяжан Амангелді (эссе) мен Елдос Советтің (өлеңдері) туындылары жіберілді. Біздің үміт ақталып, Балқаш қаласының талантты да дарынды оқушылары жеңіске жетті: Балқаш қаласының үмітін арқалаған Аяжан Амангелдінова "Қазақ аспанында – Қасым рухы" номинациясы бойынша Бас жүлде иегері атанса, "Дүниеге келер әлі талай Қасым" номинациясы бойынша Елдос Советов ІІІ орын иеленді.

     Кітапханамыздың талантты оқырмандарын жеңістерімен құттықтап, оларға  тек шығармашылық табыстар  тілейміз.

      

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика