"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Қыркүйек 2017

«Оқи білген қандай жақсы!» акциясы


    А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Оқи білген қандай жақсы!» айдарымен бірінші сынып оқушыларын «Оқырманға қабылдау» акциясы өтті. Кітапханашымен бірге балалар Кітап Еліне саяхатқа аттанып, кітапхананы пайдалану ережелерімен, абонемент, оқу залдарымен, оқуға қандай кітаптар алу керек екендігі жайында қызықты құпиялармен танысты. Акция барысында кітаптар туралы жұмбақтар шешіп, иллюстрациялардың көмегімен кейіпкерлердің қай ертегіге тиесілі екендігін тауып, «Пәнді тап» атты қызықты да танымдық ойынға белсенді түрде қатысты. Іс-шара соңында барлық қатысушы балаларға «Кітапты пайдалану ережелері» атты жадынама  сыйға тартылды. Бірінші сынып оқушыларына арналған «Оқырманға қабылдау» акциясы қызықты және танымды өтті. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика