"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

25 Тамыз 2017

«Азат елдің ар – намысы Ата Заң» дискуссия


     ҚР Конституция күніне орай кітапханамызда «Азат елдің ар – намысы Ата Заң» атты дискуссия болып өтті. Оқырмандарымызға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде шақырылған қонақтар Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Кульпейсов А.М., 44859 әскери бөлімінің филилал командирінің тәрбие және идеологоиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қалдарбеков Н.Ж., түсіндіре отырып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. «Жеті жарғы» атауының мәні мен мағанасы жайында Қалалық тарихи-өлкетану мұражайының аға қызметкері, тарихшы Кожақов Д.А.тарихи деректерге сүйене отырып әңгімелеп берді. Балқаш қалалық конфессия аралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығының теолог маманы Сейітқали А.Д., Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығының маманы А.Т.Тоқтурсын әдептілік, мейірімділік, қайырымдылық, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттерді негізге ала отырып, жастарды өз құқығын білуге шақырды.

     Балқаш қаласының колледж студентері мен Абай атындағы №2 және ЖББ №8 оқушылары тренинг ойынын ойнау барысында, Конституция баптары бойынша сұрақтарға жауап берді. «Ата заң - Қазақстан тұрақтылығы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, ҚР Ата заңы жайында бейне-ролик көрсетілді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика