"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

21 Шілде 2017

«Журнальный серпантин» журнал беттеріне саяхат


     Жазғы демалыстар – кітапқа жаңа оқырмандар тартудың, барлық тілекші адамдарды жаңа әдебиеттер, басылымдармен таныстыру мүмкіндіктерінің бірден-бірегейі. Осы орайда,  №1 кітапхана-филиалы кітапхана алаңқайында «Журнальный серпантин» атты кез-келген жасқа және талғамдарға  арналған танымдық журналдар беттері бойынша қызықты саяхат ұйымдастырды. Балаларға түрлі журналдар ұсынылды, олар: Балбұлақ», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Мурзилка», «Фея», «Том и Джерри», «Дисней», «Санька в стране сказок», «Тачки». Балалар басылымдарды оқи отырып  логикалық ойлауды үйренеді, оларға айналада болып жатқандардың барлығы қызықты болып көрінеді, «Неге?» және «Не үшін?» деген жүздеген сұрақтар туындайды. Ал журналдар болса бұл сұрақтардың жауабын ойын түрінде, қызықты және көңілді түрде жеткізеді. Жасөспірімдер мен ата-аналарды «Бала би», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам», «Мне 15», «Маруся», «Лиза», «Крестьянка», «Работница», «Здоровье» атты мерзімдік басылымдармен таныстырды. Барлық қатысушылар өте қызықты, танымды жаңалықтармен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауаптарын тапты, өйткені қазіргі таңдағы журналдар сан алуан түрлілігімен және өзіндік қызықтарымен ерекшеленеді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика