"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Шілде 2017

«Қуыршақтар әлемі» мастер-класс


  №5 балалар  кітапхана-филиалында  мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған «Күншуақ»  клубы жұмыс істейді.  Кітапхана  қызметкерлері  осы клуб аясында  мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған түрлі іс-шараларды өткізіп тұрады. Соның бірі 20-шілде күні  балаларды еңбек тәрбиесіне  баулу мақсатында  ұйымдастырылған «Қуыршақтар әлемі» атты мастер-класс   болды.  Бұл ерекше балалар өздерінің керемет өнерлерін көрсетіп, әлеуметтік қызметкер мен кітапханашының көмегімен материалды қиып, тігіп, сәндеп  бірнеше қуыршақтар жасап шығарды. Балалар жасаған қуыршақтар өздерінің  шығармашылық жұмыстары  қойылған  бұрышқа  орналастырылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика