"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

21 Маусым 2017

«Бақытың да, байлығың да денсаулық» денсаулық сағаты


     Денсаулық – адамның ең қасиетті де құны қайталанбас асыл қазынасы. Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана дүние. Соған орай, 21 маусым күні №3 кітапхана-филиалында   денсаулық сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денсаулықты сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білу мақсатында балаларға ақпарат беріліп,кітапхана қорынан басылымдар ұсынылды. Шарада тек қана зиянды әдеттерден аулақ болу ғана емес, сонымен бірге теледидардың, компьютердің алдында көп отыру,  ұялы телефонмен  ұзақ сөйлесу, сапасыз тағамдар, яғни «фаст фудтардар» жайында  да айтылды. 
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика