"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Мамыр 2017

«Таңдансаң, тамсандырамын!!!»


     Мамыр айының шуақты күні №4 «Сырлас» кітапхана-филиалы мектеп оқушыларының қатысуымен  «Таңдансаң, тамсандырамын!!!» атты жұлдызды сәт ұйымдастырды. Мәдени шарада Әбілдинова Д. (№5 ОМ), Сағат А. (№8 ОМ), Нұржан М. (№9 ОМ),  Мейрманов Е. (№16 ОМ),  Сүйіндіков Б. (№2 мектеп-интернат) әндерін  нақышына келтіре орындап, көрермендер көңілін серпілтіп тастады. Ал, №4 мектеп-интернат оқушылары   «Көңілді күн» әуеніне бой түзеп би нақышын қайталап, көңілденді. Көрермендер балалардың өнеріне риза болып, өз тілектерін білдірді. Талантты жастардың биіктен көріне беруіне игі тілегін білдіре отырып, кітапханашы жаңадан түскен кітаптардан өнер адамдарының шығармаларына шолу жасап таныстырды. Жұлдызды сәттен балалар көтеріңкі көңілмен тарқасты.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика