"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

25 Сәуір 2017

«Кітап – сарқылмас рухани қазына» бенефис


     Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай 23 сәуір күні №3 кітапхана-филиалында «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты  танымдық-бенефис   өтті. Бұл шараның мақсаты: кітаптың, мәдениет пен білімнің маңызын айрықша көрсетіп, ғалымдардың еңбектерін, қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау. Кітап оқитын адамның беделін көтеріп, ұрпақтар байланысын сабақтастыру. 

     Мәдени шараға әр жылдары үздік оқырман деп танылған  Аманқұлов С., Гиревая Э.О., Қанқұлов Д., Бекеев Ж., Тілеуқұлова Г., Яхинов А., Кобзева И., Клейменко Р., Лиханова Н., Ағыбай С. және жас оқырмандарымыз  қатысты.

    Кеш барысында бір ұрпақтың екінші ұрпаққа қалдырар рухани өсиеті кітап екендігі, ол адал дос, барлық білімнің қайнары, бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйрететіндігі әңгімеленді. «Жас талап» клубының  мүшесі Алтынбекова А. ән шырқап, Айтмұханбет Е., Советалы А., Сайранова А. мерекеге арнаған өлеңдерін оқып берді. Іс-шараға қатысушы оқырмандар өздерінің ең алғаш оқыған кітаптары жайлы қызықты әңгімелеп беріп, кітапхана қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдірді.  Кеш соңында белсенділерге алғыс хаттар табыс етіліп, дастарқан жайылды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика