"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Сәуір 2017

«Мейірімі мол жан» кездесу


     С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана қаламыздың 80 жылдығы аясында «Балқаш қаласының құрметті азаматы», Медицина саласының үздігі, дәрігер Тоқашова Жеңіс Тоқашқызымен «Мейірімі мол жан» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесу қонақтары Балқаш қаласының орталық ауруханасының кәсіподақ ұйымының төрайымы Ахметжанова Г.С. Самоджанқызы, осы аурухананың медбикесі Филиппова Е.П. келіп  қатысты.  Шараға қатысқан Балқаш медициналық колледжінің студенттері өнегесі мол, тәжірибелі дәрігердің өмірі мен қызмет жолынан мағлұмат алып, сұрақтарына жауап алды. Алматы обылысындағы Н.Бозжанов атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген дәрігердің сол кездегі бағаларын мектеп директоры Аманжолова  Г.А. видео құттықтауында көрсетіп, Ж.Тоқашқызымен мақтанатындарын айтып өтті. Ж.Тоқашқызының әріптестері, шәкірттері Галиева Г.К. мен Терлікбаева Р.М. видео құттықтау лебіздері тамашаланды. Жеңіс Тоқашқызының жемісті еңбек жұмысының қызығы мен қиындықтарымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерімен бөлісті.  
     Жабыққан жандарға шипа берген, жан жылуымен аялап, соз сиқырымен сенім ұялатқан Жеңіс Тоқашқызына қандай құрмет көрсетседе артық емес.  
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика