"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Сәуір 2017

«Мой город с удивительной судьбой» кездесу кеші


     Қаламыздың 80 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында №1 кітапхана-филиалы «Мой город с удивительной судьбой»   атты оқырман ардагерлермен кездесу кешін ұйымдастырды. Мәдени іс-шарада ардагер-оқырмандар өздерінің балалық шақтарын, қаламыздың бұрынғы сыр-сипатын еске алып, кереметтей әсерлерімен бөлісті. Капленко Е.И. Балқаш қаласы құрыла бастаған кездегі жайларды, қиын-қыстау заманға қарамай қала тұрғындарының өте қызықты және достық қарым-қатынаста өмір сүргендерін айтты. Комбинаттағы жалпы еңбек өтілдері 147 жылды құраған Штейн Н.Н. өзінің отбасылық  әулетінің қаламыздың комбинатымен тығыз байланысты екенін мақтанышпен жеткізді.  Бұл кеште барлық қатысушылар, кеш қонақтары Балқаш өңірінің жағымды жақтарын еске алып, жергілікті ақын-жазушыларымыздың қаламызға арнаған өлеңдерін оқып, Балқаш қаласының қайталанбайтын сұлу келбеті жайлы бейнероликтерін тамашалады. Қаламыздың тарихы және атақты адамдары жайында әдебиеттер қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқырмандармен өткен кездесу барша қатысушыға тек жағымды эмоциялар әкелді.   

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика