"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

13 Сәуір 2017

«Мы с природой одной крови» кітап көрмесі


  Табиғат ежелден өзінің сұлулығымен жазушыларды және ақындарды шабыттандырған. Өздерінің шығармаларында олар табиғатқа деген қарым-қатынастарын, өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен білдірген.  Осы орайда 13 сәуір күні №2 кітапхана-филиалы өздерінің оқырмандарына арнап  «Мы с природой одной крови» атты экологиялық кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме үш бөлімнен құралды: "Адам және қоршаған орта», «Табиғатқа деген сүйіспеншілік», «Жақсы тәлімгер - табиғат». Көрмеде табиғаттың тылсым құпияларын білуге және табиғатты қалай сақтап қалу керек екендігі туралы көптеген ақпаратты кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар, көрме табиғатты қорғауға шақыру, дәйексөздер, табиғат туралы өлеңдермен де қамытылды. Іс-шара соңында барлық оқырман өздерінің табиғатқа, туған жеріне деген жүрек жарды тілектерін, ойларын жазып, ақ қайыңның бұталарына ілді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика