"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

13 Сәуір 2017

Менің қалам – менің тағдырым


     Бір бүйірін күн қыздырып, бір бүйірін су шайып, құм қайрап жататын табиғаттың осы бір қатал өңірі, бүгінгі мыс шаһары атанған қасиетті мекеніміз, көкше көлдің жағасында бой көтерген Балқаш қаласының 80 жылдығы тек қана бұл өңірде ғана емес, Қазақстан бойынша  ерекше маңызды мереке. Осыған орай, сәуірдің 11-12 күндері №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Менің қалам – менің тағдырым» атты   өлкетану сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларымыз сүйікті қаламыз жайлы эссе жазып, шаhар болашағы жайында өз ойларын ортаға салды. «Жас талап» клубының  мүшелері Советова А., Оралбекова А., Көпбаева Г., Әміржан Д., Сайранова А. өлкемізге арнауларын оқып, ән шырқады. «Балқаш кеше және бүгін» атты видео көрсетіліп, оқушыларға қаламыздың әсем көшелері, тарихи ескерткіштері бойынша викторина сұрақтары қойылды. Кештің соңында кітап-фото көрмесіне шолу жасалды. Оқырмандардың назарына бас қала туралы бай материалдардан құралған кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика