"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Наурыз 2017

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» этнографиялық кітап көрмесі


      №3 кітапхана-филиалы наурыз мейрамы қарсаңында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Наурыз – қазақша жыл басы.

      Наурызды “Ұлыстың Ұлы күні” деп те атайды. Бұл мейрамды берекелі етіп тойласа, үйге ырыс пен бақ келеді деп сенген. Ұлыс күнi – татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi.

     Кітап көрмесінде ұсынылған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы – нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына» т.б кітаптарында табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңарып қала, ауыл көшелері жаңарып кигіз үйлер тігіліп,  жеті түрлі дәмнен наурыз көже келген қонаққа ұсынылатыны  туралы айтылған. Көрмеге қойылған кітаптар мен газет-журнал бетіндегі мол мағлұматтар әркімге пайдасы мол болмақ. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика