"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Наурыз 2017

«Наурызым – дәстүрлі ізгілігім» қонақжай


      Наурыз  - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кеңелтер осы Ұлы мереке аясында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Наурызым – дәстүрлі ізгілігім» атты қонақжай  ұйымдастырылды. Мақсаты – жастардың бойында  қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін  жаңғырту, ұрпақ сабақтастығы аясында   салт-дәстүрді көрсететіп насихаттау.

      Кешімізге  қаламыздың М.Хамзин атындағы мәдени сауық орталығының «Балқаш сазы» хоры мен  «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің әншілері және де колледж студенттері қатысты. «Балқаш сазы» хоры Наурыз мерекесімен құттықтап, мерекелік шашу шашып, қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті. Кеш соңында студенттер   викториналық сұрақтарға жауап беріп, көңілді меркелік кештің куәсі болды. Шара соңында Қыдыр ата батасын беріп, жақсы тілектер айтылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика