"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

16 Наурыз 2017

«Көк сандықпен қоштасу»


     №5 балалар кітапхана-филиалында «Көк сандықтың» келуіне орай, «Көк сандығым ашылсын, ішінен маржан шашылсын»  атты әдеби жәрмеңке өтті. Балаларға кітапханашы осы кітапханада қазына бар соны іздеп табыңдар деген тапсырма берді. Бірінші балалар абонемент бөлмесіне кіріп, бірнеше викториналық сұрақтар жауап беріп, ребус шешті. Бұл ребустың шешуі «Көк сандық» болатын. Балалар осы кітапханаға көк сандық келді деп қуанып,  көк сандықты іздей бастады.  Балалар «Көк сандық оқу залында жасырынған шығар» деген оймен оқу залын ашқанда, олардың алдынан Мыстан Кемпір күтіп алды. Ол «Балалар, менің сендерге қоятын бірнеше жұмбақтарым бар. Соны шешкенде  ғана мен сендерге көк сандықты көрсетемін, шеше алмасаңдар көрмейсіңдер» деді. Балалар бұл тапсырмадан да сүрінбей өтті. Көк сандық толы кітапты көрген балалардың қуанышында шек болмады.  Кітапханашы балаларды  көк сандықтың тарихымен таныстырып, ішіндегі кітаптарға шолу жасады.                               

     Сонымен қоса балалар ертегі кейіпкерлері болып киініп,  бірнеше ойындар ойнады. Бұл іс шара  3-наурыз күні  «Что за прелесть эти сказки» атты экспресс-викторинамен жалғасты. Балалар бірнеше викториналық сұрақтарға жауап берді.

    Бұдан кейін 9 наурыз кітапхананың оқу залында «Сиқырлы шеберхана»  мастер класс өткізілді. Балалар пластик бутылкалардан ертегі кейіпкерлерін жасап шығарды.

   Көк сандық тек кітапханада ғана тұрақтап қалған жоқ. Ол «Айсұлу» балабақшасына  барып, кішкентай бүлдіршіндерге де қызыққа батырды. Балабақша балалары ертегі айтудың шебері Ерден атайдың ертегілерін тыңдап, орыс халықының «Үйшік» ертегісі бойынша бүлдіршіндер  қойылым көрсетті.

    Бұдан кейін көк сандық №3 мектепке жол тартты. Мектептің 2-3 сынып оқушыларына кітапханашы сандық ішіндегі кітаптарды таныстырып, кітаптарға шолу жасады. Сонымен қатар балалардың қаншалықты кітап оқығанын тексеру мақсатында  сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Осындай  көптеген қызықты іс-шаралар сыйлаған Көк сандығымызбен біз 11 наурыз күні қимай қоштастық.  Қоштасу салтанатына орай, «Қош бол, Көк сандық!» атты  кітап керуені болып өтті.  Балалар көк сандықтағы  кітаптарға деген  алғыстарын смайликтерге өздерінің алғыс тілектерін жазу арқылы білдірді. Балалар  «Қош бол, Көк сандық, көріскенше!»  деп айқайлап,  қолдарындағы смайлик жапсырылған шарларын ұшырды. Бізден кейін  көк сандық  Приозерск  қаласына жол тартты. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика