"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Наурыз 2017

«Өшпес рухты тұлғалар» тарихи саяхат


     С.Сейфуллин  атындағы  Орталық  қалалық  кітапханада Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Өшпес рухты тұлғалар» атты іс-шара болып өтті. Шара барысында зейнеткер-ұстаз А.Қалымбергенов Алаш қозғалысының 100 жылдығына арнап шығарған «Орысбайдың тоғаны» еңбегінен Әлихан Бөкейхановтың ұлт жанашыры ретінде тарихтағы орнын жан-жақты түсіндірді. Тарих пәнінің мұғалімдері Адильхан А.Б. мен Бейсекина Г.А. Алаш партиясының - шын мәнінде қандай партия болғандығы, құрылуын, оның не мақсатпен құрлығандығын, қандай қызмет атқарғаны жайында айтты.

     Тыңдармандар мен қонақтар арасындағы әңгіме-диалог қызықты болғаны соншалық №15 мектеп –лицей оқушылары мен колледж студентері белсенді  қатыса отырып, қонақтарға өздерін  толғандырған сұрақтар қойды. 10 сынып оқушысы Алихан Мырзаханұлы Ақтоғай өңіріндегі бабалар басында толғаныспен шығарған өлеңін оқып берді.

   Шара барысында «Алаш» деректі фильмі көрсетіліп, «Өшпес рухты тұлғалар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика