"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

09 Наурыз 2017

«От всей души» көгілдір от


     Жайма шуақ көктемнің алғашқы күндерінде біз 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін тойлаймыз. Осы мереке аясында 7 наурыз №2 кітапхана-филиалының нәзік жанды оқырмандары «От всей души» атты көгілдір от іс-шарасына жиналды. Керемет көңіл күймен және лирикалық әуен аясында іс-шара өз бастауын алды. Қонақтарды мерекенің шығу тарихымен таныстырды. Қыздар өзара құпияларымен бөлісіп, шығармашылық өнерлерін көрсетті.  Шай іше отырып, «Отгадай загадки о весне», «Собери букет», «Игра в слова» атты бағдарламалық ойындарға белсене қатысты.  Нәзік жандыларға арналып жылы сөздермен әзірленген слайд көрсетілді. Шара көңілді және достық атмосферада өтті. Мереке барысында балалар әжелерін, аналарын өздерінің қазақ тілінде шығарған ана туралы өлеңдерімен құттықтап Тахаева Н, Приходькины Т. және В., өз махаббаттарын би арқылы жеткізді Жумакен А., Саденова Д. Мерекелік іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика