"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Ақпан 2017

Ақиқаттың ақыны


     Әлемге  әйгілі  Мұхтар Шахановтың жыр кеші қазір дәстүрге айналған.     №3 кітапхана-филиалында есімі БҰҰ-ның алтын кітабына жазылған, қайсар тұлғалы ақын М.Шахановтың 75 жасқа толған мерейтойына  арналған «Ақиқаттың ақыны»  атты поэзия кеші  өтті.

      Кітапхана қызметкерлері қазақ поэзиясының атын әлемге танытқан ақиық ақынымыз,   кешегі күні жазылса да, бүгінгінің әңгімесін айтатын, ойын толғайтын  М.Шахановтың  өмірбаянымен таныстырды. №2 мектеп-интернатының 8 сынып оқушылары Абылайхан А., Аяғанова Б., Мақыш А., Қыдырбай Ж., Яковенко В. ақиық ақынымыздың өлең-жырларынан нәр алған жалынды поэзия кешінде өздерінің кәусар жырларымен көрерменнің көңілін сусындатып,  өлеңдеріне жазылған әндерін нақышына  келтіре   орындады.

    Ісшара барысында  «Елін әлемге танытқан азамат»  атты кітап көрмесіне шолу жасалып, бейнебаяндар көрсетілді.

     Ақын ретінде миллион оқырманы, тұлға ретінде миллион тыңдарманы бар Мұхтар Шахановтың поэзия кешінің соңында қатысушыларымызға  кітапхана атынан алғыс айтылып, естелікке суретке түсірілді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика