"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Ақпан 2017

Кітапханада өткен шеберлік сабағы


     А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы қағаздан құрастырудан шеберлік сабағын ұйымдастырды. Сабақ басында кітапханашы аппликацияның дүние жүзі халықтарының қолөнерінде алатын орнының  ерекшелігін, қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі-аппликацияның бір түрі екенін айтып балаларға түсіндірді. Шеберлік сабағын өткізген «Жұлдыз» балабақшасының суретші- безендіруші Гүлнар Боранбаева жас ісмерлердің көңілкүйлерін шығармашылыққа бейімдеу үшін сабақ бойы классикалық әуен тыңдатып, бүлдіршіндер әр қағазды дұрыстап, үлкен ұқыптылықпен жапсыруларын қадағалады, көрсетті. Соңында қағаздан жапсырылған «Шұбар тауық» тамаша туындыларын кітапханаға сыйға тартты.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика