"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Қаңтар 2017

«Дәуір данасы» даналық баспалдағы


     С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтыың туғанына 105 жыл толуына орай «Дәуір данасы» атты даналық баспалдағын қаламыздың Абай атындағы №2 лицеінде өткізді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.

     Аталған шараға «Балқаш қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің қызметкері Б.Бейсенбаева оқушыларға Д.А.Қонаевтың Балқаш өңіріндегі еңбек жолдарынан кеңінен мағлұмат берді. Абай атындағы №2 лицейінің оқушылары белсене қатысты. Атап айтсақ: 10-11 сынып оқушылары Д.Рамазанов, А.Зарубек, А.Амангильдина, А.Амангельді, Ж.Усен Димаш атамызға арналған өлең оқылып, оқушылар игі істері мен жетістіктерін баяндап, елі үшін жасаған еңбектерін жарыса айтып берді. Дәуір данасының өмірі мен қызметі жайында қызықты бейнебаяндар көрсетілді.

     Адалдықты ту етіп, халық үшін қызмет еткен көшбасшының еңбектеріне арналған кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика