"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Қаңтар 2017

«Қазақ даналығының сиқырлы сандығы» викториналық ойын


    2017 жылдың 19 қаңтар күні сағат №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында «Қазақ даналығының сиқырлы сандығы» атты викториналық іс-шара өткізілді. №5, 15 мектептің 6 сынып оқушылары ата-баларымыздың шебер айтылған ақыл, нақыл сөздерін білуден өзара сайысқа түсті.

     Шараның мақсаты, тәлім-тәрбиелік, шебер айтылған нақыл сөздер арқылы балалардың танымдық қабілетін жетілдіру. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту,  шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.

      Бес-бестен сұрақтар қойылып, 2 топтың алғырлары анықталды. Сондай-ақ ойын барысында  көрермендерге де сөз тіркестерінен нақыл сөз құрауға тапсырма беріліп, қызығушылықпен орындап шықты. Ойынның қорытындысы бойынша екі топтың ұпай сандары тең шыққандықтан, екі топ та жеңімпаз деп танылды. Кітапханашы «Ақылды кітаптар» көрмесіне шолу жасап, жас оқырмандарға қызықты кітаптарды оқуға кеңес берді. Алибаева Мадина  және Нұрлыбай Ғасырдың орындауындағы «Туған жер» әні көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Қатысушыларға өңір ақындарының кітаптары сыйға тартылды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика