06 Қаңтар 2017
Ертегілер - ол тәрбиелік әдеби қазына. Олар біздің көңіл-күйімізді жақсартады, жылу мен жайлылық сыйлайды. Бұл сиқырлы ертегілерсіз біздің өміріміз іш пыстырарлық болар еді.
Қысқы демалыс кезеңінде № 1 кітапхана-филиалы «Сказочная карусель» атты ойын-сауық сағатын ұйымдастырылды. Іс – шара біздің 1- 4 сынып аралығындағы оқырмандарымызға сүйкті ертегілер әлеміне тап болуға мүмкіндік берді. «Путаница», «Угадай-ка», «Кричалка», «Юный художник» байқауларында, сонымен қатар түрлі ойындар мен викториналарға қатысып өз бақтарын сынаған балалар, тапқырлықтарын және белсенділіктерін көрсете білді. Міне, осылай біздің «Сказочная карусель» атты ойын-сауық сағатымыз өте қызықты және көңілді өтті.