"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Қаңтар 2017

«Кітап әлеміне бірге барайық» әдеби рандеву


С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана 5 қаңтарда «Кітап әлеміне бірге барайық» атты әдеби рандевуде оқырмандарының басын қосты. Іс-шара мақсаты – оқырмандардың оқыған қызықты кітаптарымен бөлісуі, қазіргі таңда сұранысқа ие кітаптарға шолу жасау және өзара пікір алмасу болды. Кітап сүйер қауым әр түрлі сала мамандары болғанымен, барлығының басын біріктірген – кітапқа деген сүйіспеншілік. Аға буын оқырмандары мен жас буын оқырмандарының арасында сабақтастық орнатылып, рандеву қызықты өтті. Тұрақты оқырмандарымыз Мергенбаева Мағира Мұсаханқызы «Парасатты оқырман», Болғамбаев Асылхан Тусыпбаевич «Үздік оқырман», №2 Абай атындағы лицейдің кітапханашысы Булғанбай Хапура «Ойлы оқырман» номинациясымен марапатталды. Балқаш көпсалалы колледжінің студенттері мен ұстаздары белсене қатысып, өздеріне рухани азық алды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика