"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Малышев Владимир Николаевич

Просмотров: 1439

     Малышев Владимир Николаевич 1963 жылы мектеп бітірген соң Балқаш тау-кен металлургиялық техникумына оқуға түсіп, оны 1967 жылы бітірген соң Жезқазған қаласының тау-кен комбинатына жолдама беріледі. Жезқазған қаласында жеті жыл бойы әр түрлі қызметтерде жемісті еңбек істейді.

1974 жылы Балқашқа қайта оралып, Қоңырат кенішінде өндіріс- техникалық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Осы жылдары ол жұмыс істей жүріп Қарағанды политехникалық институтының сырттай бөлімінде оқиды.

Қоңырат кенішінде істеген кезінде В.Н.Малышевтің қатысуымен кеніште жарылғыш заттарды пайдаланудың механикаландырылған әдісін қолдану іске асырылды.

1978-81 жылдары В.Н.Малышев Балқаш қалалық партия комитетінің өндіріс-қатынас бөлімінің басқарушысы болды. Сол уақыттарда қаланың өндіріс, құрылыс жұмыстарын дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен үлес қосты. Партия жұмысында іскерлік көрсеткен Владимир Николаевичті 1981 жылы мыңдаған еңбекшілер жұмыс істейтін Балқаш кен-металлургия комбинатының партия комитетінің хатшылығына сайлады.

1991-93 жылдары Владимир Николаевич Сәтбаев қаласының партия комитетінің 1-ші хатшысы, қалалық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. Оның осы абыройлы еңбегі оған “Сәтбаев қаласының құрметті азаматы” деген атақ әперді.

Ал, 1993 жылы ол шаруашылық жұмысына қайта оралды. “Қазақмыс” холдинг компаниясының вице-президенті, “Жезказганцветмет” АҚ-ның атқарушы директоры болып қызмет атқарды. 1997 жылдың ақпан айынан бастап, Балқаш кен- металлургия комбинаты Оңтүстік Кореяның “Самсунг” фирмасының қарамағына берілген соң, комбинаттың басқарушысы болып тағайындалды.

Комбинат басшысы В.Н.Малышев қалалық әкімшіліктің қарамағындағы 7 балабақшаны, Мәдениет сарайын, стадионды, Қоңырат кенішіндегі клубты, көл жағасындағы демалыс орындарын, “Сарыарқа” демалыс үйін, бассейнді, су спорты станциясын комбинаттың қарамағына алуға күш салды.

1998 жылы 23 желтоқсанда В.Н.Малышевқа Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 199-202 б.

2. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-202 б.

 


Дата редактирования: 19 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика