"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Құсайынов Аманкелді Терлікпайұлы

Просмотров: 1393

   Құсайынов Аманкелді Терлікпайұлы 1942 жылы Балқаш қаласында туды. 1964 жылдан бастап Балқаш металлургиялық зауытының су ерітінділерін электролиздеу цехында жұмыс істеп, сол жерден зейнеткерлікке шықты. Осы цехта жұмыс істеу кезінде ол су ертінділерін электролиздеу мамандығын жете игеріп, өз тәжірибесін жас жұмысшылармен бөлісіп отырды.

   1981 жылдан бастап А.Құсайынов су ерітінділерін электролиздеу комсомол-жастар бригадасын басқарады. А.Құсайынов басқарған ұжым өз алдарына қойған өндірістік тапсырмаларды артығымен орындап отырды.

   Осындай өндірістік көрсеткіштері үшін А.Құсайынов екінші және үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталып, «КСРО-ның Құрметті металлургі» атағын алған. 1984 жылы КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол қала және Балқаш кен металлургиялық комбинатының қоғамдық өміріне әлі де болса белсене қатысады, бокс бойынша КСРО-ның спорт шебері болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Құдайбергенұлы, М. Қала біріншілігі өтті / М.Құдайбергенұлы // Балқаш өңірі. – 2005. – 17 маусым(№43). – 4б.

2. Ниханберлин, А. Олар туған қаланың абыройын асқақтатты / А.Ниханберлин // Балқаш өңірі. – 2007. – 22 маусым(№49). – 4б.

3. Ақпарат айдынында (мақалалар мен очерктер). – Қарағанды: «Арко»,2007. – 91-94б.

4. Әбілқайырқызы, А. Кенді өлкенің тынысы / А.Әбілқайырқызы. – Алматы: Нұр-Принт-75, 2011. – 54-56б.

5. Кәрім, Н. Еңбек майталманы / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2014. – 19 қыркүйек(№75). – 3б.    


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика