"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Тулупов Владимир Романович

Просмотров: 1289

     

Тулупов Владимир Романович 1937 жылы 21 наурыз күні Тамбов облысында дүниеге келген. Тулуповтардың отбасы 1939 жылы сол кезде құлазып жатқан Балқаш өңіріне көшіп келіп, осы арада біржолата қоныстанып қалған.  1948 жылы кішкентай Владимир кәсіпқой боксер туралы американдық кино көргеннен бастап, бокс туралы армандай бастайды. Осы спорт түріне деген сүйіспеншілік оның қандай қиын жағдай болса да тік тұрып, өзі қуған арман жолына жетуіне мүмкіндік берді.

     Владимир Армия қатарына шақырылғанға дейін (әскери борышын Латвияда өтеген) ондаған жеңістерге жетіп, Қарулы Күштер қатарында да, боксер ретінде Армияның клубында (АҚК) және Латвия құрама командасында (бокстан)  қызмет атқарды. Владимир Романович 158 рет ұрысқа түсіп, оның 128-де жеңіске жеткен. В.Тулупов 1959 жылы КСРО спорт шебері деген жоғары атаққа ие болды.
     В.Тулупов 1973 жылы үлкен спорттан қол үзіп, бапкерлік жұмысқа ауысты. Бапкерлікпен айналысқан ұзақ жылдарында ол бір топ атақты боксші спортсмендерді баулып шығарды. Ол қатарынан екі жыл Василий Жировті бокске тәрбиелеп, Нұрлан Көлібаев пен Хамит Хусаинов Кеңес Одағының чемпиондары  атанды. В.Тулуповтың қатал мектебінен өткен спортшылар тек жақсы боксерлер ғана болып қойған жоқ, олар өмірдегі өз орындарын да дұрыс тапты.

Әдебиеттер тізімі:

1. Саяжанқызы, М. Құрылысшыларға арналған салтанат // Балқаш өңірі.
2. Ардагер спортшылардың бірлестігі құрылды // Балқаш өңірі. – 2004. – 7 қаңтар(№2). – 3б.
3. Ермағанбетова, Г. Жасөспірімдер арасында біріншілік өтеді / Г.Ермағанбетова // Балқаш өңірі. – 2005. – 3 маусым(№47). – 6б.
4. Құдайбергенұлы, М. Қала біріншілігі өтті / М.Құдайбергенұлы // Балқаш өңірі. – 2005. – 17 маусым(№43). – 4б.
5. Ниханберлин, А. Олар туған қаласының абыройын асқақтатты / А.Ниханберлин // Балқаш өңірі. – 2007. – 22 маусым(№48). – 4б.
6. Аушаманұлы, Т. Бокс турнирі салтанатпен ашылды / Т.Аушаманұлы // Балқаш өңірі. – 2007. – 27 маусым(№53). – 6б.


Дата редактирования: 18 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика