"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Ержанов Манарбек

Просмотров: 2617

     Ержанов  Манарбек  1901 жылы 8 наурызда  Қарабұлақ деген жерде кедей отбасында дүниеге келген. Манарбектің анасы домбырада ойнап, әнді жақсы айтқандықтан, Манарбек те соған еліктеп, күй тартуды үйреніп, ән айтуға дағдылана бастайды. Ол ақындар айтысына қатысып, ән әуені мен өлеңдерді еске сақтауға үйренеді. Отбасының қаржылық жағдайының қиындығына байланысты, ол батырақ, балықшы және жүк тасушы болып жұмыс істейді. Біраз уақыт балалар үйінде тұрып, сонда оқу мен жазуды үйренеді. 1925 жылы Алматыға көшіп келеді.
     Ержанов сазгер-әншілер Біржан-сал, Ақан сері, Жарылғапберді, Естай және Шашубайдың әншілік және сазгерлік мектебін жалғастырушылардың бірі болып табылады. Ол домбырашы Күсентайды өзінің ұстазы деп есептеген. Манарбек 1928 жылы 1-ші Қазақ драма театрынының (қазір М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры) труппасына қабылданады. 1931-1932 жылдары жұмысшы жастардың Риддер театрында істейді. 1934 жылы Алматыда жаңа ашылған музыкалық театрдың актеры және негізін салушылардың бірі болды (қазір Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).
     Ержановтың әртістік таланты мен вокалдық шеберлігінің сан қырлылығы (Е.Брусиловскийдің«Айман-Шолпанындағы»)Жарастың, (Е.Брусиловскийдің «Ер-Тарғынындағы») Саханның, (Е.Брусиловскийдің «Қыз-Жібегіндегі») Шегенің, (М.Төлебаевтың «Біржан салындағы») Естайдың, (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абайындағы») Әзімнің, (З.Палиашвилидің «Даисиіндегі») Титоның және басқалардың партияларында танылды.
        Ол 1953 жылдан бастап өмірінің соңына дейін  Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әнші болып жұмыс істеді. Концерттік қызметін белсенді түрде жүргізді. Әншінің репертуарына терме, желдірме және халық әндері енді.
        Ержанов 1930 жылдан бастап сазгерлікпен айналысқан. Ол қазақ музыкасында ерекше орын алған 150-ден астам шығарманың авторы. Сондықтан болар, ҚазКСР-ның композиторлар Одағының мүшелігіне  ол ең бірінші болып қабылданды (1942 ж.). Арқа әндерін орындаумен қатар, Манарбек өзінің сазгерлік шығармашылығында халық дәстүрін жалғастырып, оны әрі қарай дамытып отырды. Ержановтың шығармашылығында сол кезеңдегі жаңа заман дәуірі анық көрініс беріп, қазақ музыкасының дамуының  жаңа ырғақтары қатты байқалады.  Соның ішінде домбыраға арналған күйлер мен әндер бар: «Би күйі», «Аққу», «Жетісу», «Жеңген солдат», «Амангелді», «Паровоз», «Қуанамын», «Шегенің термесі» және тағы басқалар. Бұл күйлер мен әндер әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие, халық оларды сүйіп тыңдайды.
        Ержанов Манарбектің қазақ кеңестік музыкасына қосқан еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Оған ҚазКСР-ның Халық әртісі Құрметті атағы беріліп, ол Қызыл Жұлдыз және «Құрмет Белгісі» ордендерімен және Үкіметтің мақтау грамоталарымен марапатталды. Кең көмей әнші және талантты  сазгер Манарбек Ержановқа деген үлкен марапат – халықтың оның шығармашылығына деген сүйіспеншілігі мен шексіз құрметі және оның мәңгі халық есінде сақталуы болып табылмақ.
        Ержанов Манарбек 1966 жылы өмірден озды.

1. Рғайбеков, Б. Тума дарын / Б.Рғайбеков // Балқаш өңірі. – 1994. – 2 желтоқсан.

2. Оразымбет, М. Манарбек әншіні асқақтатты / М.Оразымбет // Мысты өңір. – 2001. – 25 қаңтар(№7). – 2 б.

3. Ыбыжынқызы, К. Ән әлеміндегі асқақ үн / К.Ыбыжанқызы // Балқаш өңірі. – 2001. – 25 шілде(№59). – 4 б.

4. Сардарбек, К. Сахна саңлағы / К.Сардарбек // Балқаш өңірі. – 2001. – 8 тамыз(№63). – 3 б.

5. Мүбәрәкұлы, Б. Сан қырлы өнерпаз еді / Б.Мүбәрәкұлы // Балқаш өңірі. – 2001. – 10 қазан(№81-82). – 3 б.

6. Сейдімбек, А. Қазақтың күй өнері / А.Сейдімбек. – Астана: Күлтегін, 2002. – 802-803 б.

7. Туғанбай, А. Қайталанбайтын тұлғалар / А.Туғанбай // Балқаш өңірі. – 2008. – 21 қараша(№122-123). – 5 б.

8. Қанағатова, А. Сарыарқа өңірінің белгілі майталманы – Манарбек Ержанов туралы ғылыми-зерттеу жұмысы / А.Қанағатова // Балқаш өңірі. – 2009. – 27 ақпан(№24-25). – 4 б.

9. Ержанов Манарбек. Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2010. – 220-221 б.

10. Манекеңнің туғанына биыл – 110 жыл // Балқаш өңірі. – 2011. – 12 қаңтар(№3). – 6 б.

11. Башар, Ж. Алаштың асқақ үнді әншісі / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2011. – 16 наурыз(№31). – 5 б.

12. Кәрім, Н. Сайра, бұлбұл / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2011. – 13 сәуір(№42). – 1-4 б.

13. Елебекова, Х. Үнінің кереметтігін тілмен айтып жеткізу қиын / Х.Елебекова // Балқаш өңірі. – 2011. – 1 маусым(№61). – 8 б.

14. Қараева, Р. Сахна саңлағы тасада қалуға тиіс пе еді / Р.Қараева // Балқаш өңірі. – 2011. – 8 маусым(№64). – 4 б.

15. Ержанова, Г. «Қыз Жібекте» орындалған Шегенің ариясын әкемнің өзі шығарған / Г.Ержанова // Балқаш өңірі. – 2011. – 8 маусым(№64). – 4 б.

16. Қажытай, А.Дәстүрлі әндерді дәріптеген дәстүрлі байқау / А.Қажытай // Балқаш өңірі. – 2012. – 7 қыркүйек(№96-97). – 3 б. 


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика