"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Шопанаева Ләззат Әменқызы

Просмотров: 1388

 

     Ләззат Әменқызы Шопанаева 1952 жылы 1 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы, Бұлақ ауылында дүниеге келген.
     1960 жылы Петропавл қаласының  №2 мектеп-интернатының табалдырығын аттап, 1970 жылы ойдағыдай бітіріп шыққан. Осы жылы Алматы қаласының  Мемлекеттік қыздар  педагогикалық институтының кітапхана факультетіне оқуға түсіп, 1974 жылы аяқтаған. Еңбек жолын 1974 жылы Петропавл қаласының облыстық кітапханасында аға кітапханашы болып бастаған. 1976 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Балқаш қаласының  орталықтандырылған кітапхана жүйесінде библиограф, әдіскер болып  30-жылдан астам еңбек етті.
    1994 жылдың басында ОКЖ-нің  директоры болып  тағайындалды. 1997 жылы «Сорос-Қазақстан» мейірімділік қорының «Кітапханаларды қолдау» бағдарламасы бойынша ОКЖ-нің байқауына қатысып, Алматы қаласында өтетін семинар-оқуға қатысуға  жолдама алады.
   1998 жылы Алматы қаласында Республикалық кітапханашылар съезі болып өтті. Облыстық кітапхана қауымдастығының шешімімен Л.А. Шопанаева осы съезге делегат болып қатысты. Съезде Қазақстан Республикасы мәдениет комитетінің Құрмет грамотасына ие болды.
     2005 жылы ОКЖ-нің директоры Л.Шопанаева ҚР Мәдениет  ақпарат және спорт министрлігінің және ҚР-да мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері»  төсбелгісімен  марапатталды.
 Ләззат Әменқызының басшылығымен Балқаш қаласының ОКЖ-гі кітапханалардың үдерістерін автоматтандыруға алғашқы қадам жасалды, кітапхананың   өз сайты ашылып, электронды каталогтарды құрастыруды бастады. Сонымен бірге қалада өтетін мерекелерге белсене қатысты.
     Ләззат Әменқызының білікті басшылығының  арқасында кітапхана жүйесі көптеген табыстарға жетті.  Шығыс әйелдерінің  кемеңгерлігін және батыстық дипломатияны үйлестіре білді. Барлық әріптестері оны сезімтал басшы ретінде біледі.  Ләззат Әменқызы қандай жағдайда болсын өзінің   байсалдылығымен басқаларға құрмет көрсете білетін жан еді.  Өзара сыйластық - оның адамдармен қарым-қатынасының  негізгі принципі еді.
     Ләззат Әменқызы өз халқын, оның дәстүр-салтын, тарихын, тілін, ділін жан тәнімен сүйген,  бойындағы білім-зердесін, қайрат-жігерін елінің  өзі сенген болашағына жұмсай білген парасат иесі, үлкен жүректі жан еді.
     2007 жылдың 18 ақпаны күні Л.Ә.Шопанаева дүниеден озды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Шопанаева, Л. Торқалы той құрметіне // Жезқазған туы. – 1987. – 29 қазан.
2. Шопанаева, Л. Көріп, көңілге түйгеніміз // Балқаш өңірі. – 1991. – 17 қазан.
3. Шопанаева, Л. Кітап – рухани байлық көзі // Балқаш өңірі. – 1991.
4. Шопанаева, Л. Асыл мұра қорынан // Балқаш өңірі. – 1992. – 28 наурыз.
5. Бекова, К. «Сырласта» талай сыр бар // Балқаш өңірі. – 1993. – 16 маусым.
6. Шопанаева, Л.  Рухани білім отауының білгірі // Балқаш өңірі. – 1993. – 19 маусым.
7. Шопанаева, Л. Кітапхана неге жабылады ? // Балқаш өңірі. – 1994. – 27 сәуір.
8. Әлиақпаров, Ә. Халық қазынасының рухани ошағы // Балқаш өңірі. – 1994. – 26 ақпан.
9. Шопанаева, Л. Рухани байлық – жан тазалығы // Балқаш өңірі. – 1994. – 19 қараша.
10. Шопанаева, Л. Майысып көлге біткен құрақтарым // Балқаш өңірі. – 1996.
11. Шопанаева, Л. Бәрі де біздің Балқашқа арналған // Балқаш өңірі. – 1997. – 13 қыркүйек.
12. Шопанаева, Л. Кітапханашылар күні белгіленсе екен // Сырлас. – 1997. – 17 қазан.
13. Шопанаева, Л. Кітапхана – рухани отау // Балқаш өңірі. – 1998. – 28 қаңтар.
14. Құдайбергенов, Р. Кітапхана – мәдени-рухани орталық // Балқаш өңірі. – 1998. – 14 наурыз.
15. Шопанаева, Л. Құз басындағы аңшының зары // Балқаш өңірі. – 1998. – 1 шілде.
16. Қабиева, Қ. Кітапханашылардың I-ші съезі // Сырлас. – 1998. – 19 қараша.
17. Шопанаева, Л. Рухани байлық ордасы // Сырлас. – 1999. – 6 мамыр.
18. Оразымбетов, М. Кітап көрмесі ашылды // Балқаш өңірі. – 1999. – 8 маусым.
19. Шопанаева, Л. Бағалы сыйлық // Балқаш өңірі. – 1999. – 9 қыркүйек.
20. Байсеркин, Қ. Кітапхана жұмысының жарқын бір көрінісі // Сырлас. – 1999. – 4 қараша.
21. Тарихи белестер // Сырлас. – 1999. – қазан,қараша.
22. Қабиева, Қ. Кітапханаға 60 жыл // Балқаш өңірі. – 1999. – 25 қараша.
23. Шопанаева, Л. Парыз және парасат // Балқаш өңірі. – 2000. – 23 мамыр.
24. Шопанаева, Л. Кітапхана қоры толықты // Балқаш өңірі. – 2000. – 12 желтоқсан.
25. Шопанаева, Л. Еліңді сүй еміреніп, тілің мен дінің түрленсін  // Балқаш өңірі. – 2001. – 29 маусым.
26. Аринова, Б. «Көш-керуен» Наурыз сәні // Балқаш өңірі. – 2002. – 22 наурыз.
27. Айтжанұлы, Қ. Дәурен-ай; Кітапты әнше сүйген жан. – 2003. – 79-81 б.
28. Жүнісұлы. О. Кітапхана – бар білімнің қайнар көзі // Орталық Қазақстан. – 2004. – 6 наурыз.
29. Алдажарова, Н. Сан ұрпақ сусындаған кітапхана // Балқаш өңірі. – 2004. – 23 сәуір.
30. Маратұлы, Н. Жарқын бейне // Балқаш өңірі. – 2014. – 4 маусым. - №57.
31. Мақсұтұлы, Қ. Жарқын бейне // Пульс. – 2014. – 6 маусым. - №23.
32. Шопанаева, Л. Шашубай әні шалқиды // Балқаш өңірі.
33. Ләззат Әменқызы Шопанаева: қазанама  // Балқаш өңірі. – 2007. – 21 қаңтар(№26). – 8 б.
34. Жүнісұлы,О. Қызғыш құс: ҚР-ның Мәдениет қайраткері Ләззат Шопанаева жайлы бір үзік сыр / О.Жүнісұлы // Балқаш өңірі. – 2017. – 17 мамыр(№53). – 7 б.


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика