"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Ахметов Төкен

Просмотров: 1481

      Ахметов Төкен  1907 жылы 8 наурыз күні Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Ол Қарқаралы  медресесінде сауат ашып, өзінің еңбек жолын Ақтоғайдағы  кітап оқу үйінде бастайды.
      Ахметов Төкен 1930 жылы Ақтоғай аудандық комсомол комитетіне хатшы болып сайланады. Ақтоғай аудандық партия комитетінің жолдамасы бойынша аймақтық әскери комиссариатта да жұмыс істейді. 1932-1934 жылдары Қарағанды қалалық жабдықтау ұйымында инспектор болып қызмет істейді.
    1932 жылы Балқаш қаласына көшіп келіп, орыс тіліндегі «Балхашский рабочий» газетімен бірдей шығатын, «Балқаш жұмысшысы» қалалық газетінің редакциясына әдеби қызметкер болып орналасады. Ал 1942 жылдан бастап «Балқаш жұмысшысы» газетінің редакторы болып істей бастайды.           
     1950 жылы  оны үлгілі партия қызметкері ретінде, Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетіндегі партия  мектебінің курсына оқуға  жібереді. Курсты бітірген соң, ол Теміртау металлургиялық зауытына партия комитетінің хатшысы болып тағайындалады.
       Екі жыл өткен соң Т.Ахметов Балқашқа қайта оралып, өзінің сүйікті газеті «Балқаш жұмысшысы» газетінің редакциясын басқарады.  
     1962 жылы  «Балқаш жұмысшысы» газетінің редакциясы жабылып қалған кезде, Т.Ахметовке Қоңырат кенішіндегі кадрлер дайындау бөлімі бастығының қызметі ұсынылады. Осы жұмыста ол зейнеткерлікке шыққанша істейді.
    Ахметов Төкен  төрт  медальмен, ҚазСРО-ның Жоғары Кеңесінің және әртүрлі деңгейдегі Құрмет грамоталарымен марапатталған.
        Ахметов Төкен 1978 жылы қайтыс болды. 

Әдебиеттер тізімі:

1. Ыбыраев, Ш. Ұстаз ағалар / Ш. Ыбыраев // Балқаш жұмысшысы. – 1990. – 1 мамыр(№21). – 2 б.
2. Ахметов, Т. Өткеннен мұра / Т.Ахметов // Балқаш өңірі. – 1996. – 12 қаңтар(№5). – 4 б.
3. Сембекұлы, Т. Аға ұрпаққа адалмыз / Т.Сембекұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 7 сәуір(№19). – 3 б.
4. Ахметов, Т. Көзді қақ / Т.Ахметов // Балқаш өңірі. – 2007. – 30 мамыр(№45). – 3 б.
5. Башар, Ж. Өлке өмірінің жылнамасын жазып келеді / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2007. – 8 маусым(№48). – 5 б.
6. Бекмағамбетов, К. Желкенің желдей ессін «Балқаш өңірі» / К.Бекмағамбетов // Балқаш өңірі. – 2007. – 8 маусым(№48). – 3 б.
7. Саяжанқызы, М. «Балқаш өңірі» газетінің тойы – оқырманның тойы / М.Саяжанқызы. – 2007. – 15 маусым(№49). – 5 б.


Дата редактирования: 17 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика