"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Пессин Яков Исаакович

Просмотров: 1379

 

      Пессин Яков Исакович 1914 жылы Одесса қаласында туған. 1932 жылы энергетикалық техникумды бітірген соң, осы Одесса қаласында трамвай тресінде, ГРЭС-та, энергоинститутта әр түрлі жұмыстар істеді. Ол жұмыс істей жүріп, Одессаның энергетикалық институтының кешкі бөлімінде оқиды.

     1941 жылы  ол Балқаш қаласына келеді. Яков Исакович келісімен-ақ, мыс зауытының электрлік цехының бастығының орынбасары қызметіне тағайындалады.

   1943 жылы зауыттағы бас энергетика бөлімінің өндірістік-техникалық жұмысын басқарушы болып тағайындалды. Кейіннен Я.И.Пессинді зауыттың бас энергетигінің орынбасары қызметіне жоғарылатты.

     Яков Исакович не бәрі 10 жылдың ішінде Балқаш мыс зауытының энергетика саласын жете меңгеріп, үлкен іскерлік көрсетті. 1951 жылы зауыт басшылығының ұсынысы бойынша КСРО түсті металлургия министрі, оны  зауыттың бас энергетигі қызметіне тағайындалып, оны 1980 жылға дейін ойдағыдай атқарды. 1959 жылы Балқаш қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. 

     Яков Исаакович құрметті демалысқа шыққаннан кейін де, энергетика саласындағы жеңіл жұмыстарда істеді. Я.Пессиннің еңбек жолы 66 жылға созылды, оның ішінде 57 жылы Балқаш кен-металлургия комбинатында өтті.

     Яков Исакович Пессин жас мамаңдарға ұстаздық көмек көрсетіп, олардың жауапты қызметке қол жеткізуіне көмек етті.

    Ол ғылыми, өнертапқыштық істермен де шұғылданды. Өзі басшылық жасап, 1975 жылы комбинаттың энергетикалық шаруашылығын диспетчерлік телевизиялық жүйе арқылы басқарудың жолын енгізді. Электроэнергияның есебін автоматтандырды. Мысты электролиздеуде кремийлік деңгейлестірудің әдісін ойлап тауып, іске асырды. Сол үшін авторлық куәлікке ие болды. Я.И.Пессиннің Балқаш комбинатында ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегі, энергетика саласында ашқан жаңалықтары жоғары бағаланып, 1969 жылы оған “Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген энергетик” деген құрметті атақ берді.

     1994  жылы  20 қарашада Яков Исакович Пессинге Балқаш қалалық әкімшілігінің  Басшысы және депутаттар жиналысы – мәслихаттың қаулысымен  “Балқаш қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-201 б.


Дата редактирования: 20 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика