"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Оспанов Жолдасбай

Просмотров: 1216

    

     Оспанов Жолдасбай 1939 жылы Ақтоғай ауданы, Нарманбет ауылында дүниеге келген.  № 2 Абай атындағы орта мектепті бітірген.

     Он жылдықты аяқтаған соң, Балқаш қаласының тау-кен металлургиялық техникумына оқуға түседі. Алғашқы еңбек жолын жолаушылар тасымалдау кәсіпорнында бастаған.  Жиырма бір жасында алып өндіріс – Балқаш мыс қорыту зауытына жұмысқа түседі.

    Ж. Оспанов қатардағы балқытушы болып  жұмыс істей жүре, өндірістік технологияны жете меңгеруге тырысты, сол еңбегінің арқасында мысты пешке тиеушілердің бригадирі болып белгіленді. Өндірістегі еңбегімен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысты. Тұтыну саласындағы халық бақылаушысы болды және қалалық депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланды.

      Жолдасбай Оспанұлының ерен еңбегі үшін алған марапаттары:

 -   1971 жылы КСРО-ның құрметті металлургі атағын иеленді.

-  1973 жылы Қаз КСР-нің еңбегі сіңген металлургі атағын алды.

-  1975 жылы ІІІ дәрежелі  «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

-  1979 жылы  КСРО Жоғары Кеңесінің  депутаттығына сайланды.

-   1981 жылы ІІ «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

      Оспанов  Жолдасбай Оспанұлына  2007 жылы 4 сәуірде Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының  Құрметті азаматы» атағы берілді.

Оспанов Жолдасбай 2022 жылы 19 сәуірде дүниеден өтті.

 

Әдебиеттер  тізімі:

1. Мұстафина, Д. Елі сүйген ұл // Сырлас. – 1999. – 25 қараша.

2. «Балқаш қаласының құрметті азаматтары» атағын беру туралы // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.

3. Әбілқайырқызы, А. Мерейтойыңмен, Балқаш // Мысты өңір. – 2007. – 13 сәуір(№15).

4. Қуаныш, Р. Қаланың құрметті азаматтары оқушылармен кездесті // Пульс. – 2012. – 20 сәуір(№16). – 9 б.

5.  Жолдасбай Оспанов: Қазанама // Балқаш өңірі. – 2022. – 27 сәуір (№30). – 7 б.

6.Еңбек ереніне ескерткіш / Балқаш өңірі. – 2023. - 19 сәуір (№28).  – 1 б.

 


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика