"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Әбуғалиев Жүніс Әбуғалиұлы

Просмотров: 1321

       Әбуғалиев Жүніс Әбуғалиұлы 1926 жылы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы қонысында дүниеге келген. 1942 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін еңбекшілер депутаттары Балқаш қалалық Кеңесі атқару комитетінің қаржы бөлімінде инспектор болып еңбек жолын бастады.
      Ж.Әбуғалиев 1949 жылы Балқаш кен металлургиялық техникумын, 1962 жылы Қазақстан КПОК Жоғарғы партия мектебін Алматы қаласынан бітірген.
      1943-1945 жылдары мөлшерлеуші, БМҚЗ механикалық-жөндеу қызметінің шебері, БМҚЗ теміржол көлігі бөлімінде еңбек пен еңбек ақы жоспарлау бюросының бастығы болып істеді.
      Жүніс Әбуғалиұлы 1955-1965 жылдары қалалық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінде нұсқаушы, «Прибалхашстрой» тресінде партком хатшысының орынбасары, 1965-1971 жылдары саяси-үгіт бөлімінің меңгерушісі, қалалық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
     Ж.Әбуғалиев 1971 жылдың ақпан айынан 1982 жылдың ақпан айына дейін Балқаш қаласының партия комитетінің бірінші хатшысы лауазымында еңбек етті.
    Ж. Әбуғалиевтың халық қамы үшін атқарған еңбегі бағаланып, үш рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. Сонымен бірге, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
       1976 жылы Ж.Әбуғалиевқа КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығы берілді. Ж. Әбуғалиев екі рет (1980, 1985 жылдары) Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Коммунистік партиясының съездеріне төрт рет делегат болып сайланды. 20 жыл бойы облыстық партия комитетінің мүшесі,  24 жыл қалалық Кеңестің депутаты болды.
      1993 жылы 13 желтоқсанда Жүніс Әбуғалиұлы Әбуғалиевқа Балқаш қаласы әкімінің шешімімен “Балқаш қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.
      Әбуғалиев Жүніс Әбуғалиұлы  2012  жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. Балқаш, 2000. – 78-79 б.
2. Алдажарова, Н. Ақылы мен қайратын серік еткен // Балқаш өңірі. – 2004. – 30 наурыз.
3. Әбуғалиев, Ж. Жеңістің тамыры тылда жатты // Егемен Қазақстан. – 2005. – 19 сәуір.
4. Оразымбетов, М. Менің қалам // Мысты өңір. – 2006. – 27 қаңтар.
5. Істеріне мәңгілік тағзым // Балқаш өңірі. – 2006. – 11 тамыз
6. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 176,199-200,201.
7. Абдырбайқызы, К. Ақ тілек // Балқаш өңірі. – 2011. – 7 қазан(№114-115).
8. Тағылымы мол туынды // Балқаш өңірі. – 2011. – 21 қазан(№120-121). – 1 б.
9. Кәрім, Н. Өз дәуірінің перзенті // Балқаш өңірі. – 2011. – 26 қазан.
10. Жасампаз жылдар жетістігі. Балхаш хроника событий. Қарағанды, Экожан, 2011. – 39 б.
11. Кәрім, Н. Балқашпен тағдыры тамырлас тұлға // Балқаш өңірі. – 2012. – 18 шілде. – (№76). – 4, 8.
12. Көңіл айту // Орталық Қазақстан. – 2012. – 17 шілде(№118). – 5 б.
13. Кәрім, Н. Балқаштың бірегей перзенті // Балқаш өңірі. – 2014. – 4 маусым.
14. Өз заманының заңғары  // Балқаш өңірі. – 2014. – 6 маусым(№23). – 1 б

 


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика