"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Қазбекова Мағрипа Мырзағұлқызы

Просмотров: 1962

 

     Қазбекова Мағрипа Мырзағұлқызы 1903 жылы, Торғай облысы (қазіргі Қостанай облысы), Бөрітінді болысы, Ақтөбе уезінің № 3 ауылында шаруа отбасында  дүниеге келген.
       1930 жылы М.Қазбекова  қазақ қыздарының ішінде ең алғашқылардың бірі болып  Орта Азия университетінің медициналық факультетін бітірді. Өзінің еңбек жолын Ташкент тері-венерологиялық институтынан бастады.
     Жолдасы Исмағұл Қазбеков – Тимирязев атындағы академияның түлегі. 1937 жылы ғылыми сипозимумға қатысып, шет елдік іссапардан  келген Исмағұл Қазбековты халық жауы деп тұтқынға  алады. И.Қазбековты тұтқынға алғаннан кейін, бірнеше айдан соң 1938 жылы халық жауының әйелі деген атпен Мағрупа Қазбекованы Ақмолаға Отанын сатқан азаматтардың әйелдері отырған АЛЖИР  атты лагерьге жібереді.
       М.Қазбекова 1938 жылдан 1947 жылға дейін Карлагтың Балқаш бөлімінде болды. Сол кезде М.Қазбекова осы еңбекпен-түзеу лагеріндегі ауруханаға меңгеруші етіп тағайындалады. Ол әскери тұтқындарға арналған барақта балалармен бірге тұрды, олардың арасында қазіргі таңдағы танымал тұлғаларда болған.
       1955 жылы  М.Қазбекова өзінен тағылған жаладан ақталады.  Бір жыл өткен соң  М.Қазбекова «1938 жылғы 19 ақпандағы Әскери алқаның үкімімен Исмағұл Сүлейменович Қазбековке байланысты жаңадан ашылған мән – жайларда, қылмыстық іс құрамының болмауына байланысты сот тоқталды. И. С. Қазбеков қазасынан кейін ақталды» деген құжатын алады.
    Мағрупа Мырзағұловна Балқаш қаласының біріккен қалалық ауруханасының жұқпалы ауру бөлімшесін басқарды. Ол қоғамдық қызметпен де белсенді түрде айналысты. Қарағанды облыстық Кеңесінің атқару комитетінің еңбекшілер депутаттарының депутаты болып сайланып, медицина саласындағы қызметкерлердің және қала тұрғындарының арасында үлкен бедел иесі болды.
      Жоғары санаты маман ретінде, ол біртұтас дәрігерлер шоғырын тәрбиелеп, шығарды. Қалалық және облыстық Кеңестің депутаты болып, сайланған кездерінде, М.Қазбекова өзінің жерлестерін толғандырған көптеген мәселелерді шешуге көмектесіп, кеңестерін беріп отырған.
      1958 жылы  М. Қазбекова медицина саласындағы  жемісті және ерен еңбегі үшін  «КСРО денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, екі жыл өткен соң Еңбек Қызыл орденімен марапатталды. 1966 жылы оған «Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігері» деген  құрметті атақ  берілді.
    1995 жылы 12 қыркүйекте Балқаш қалалық әкімінің №274/09 Қаулысымен Балқаш  қаласының  Фрунзе көшесінің аты  өзгертіліп, оған М.М.Қазбекованың аты берілді. Балқаш қаласының тұрғындары қатыгез тағдыр қинаса да еңсесін түсірмей, халық алдындағы  дәрігерлік борышын  адал атқарған, М.М.Қазбекова есімін құрмет тұтып, осылайша есте ұстауда.

Әдебиеттер тізімі:

1. Жұмабаева, Ж. Елім деп туған ерлер бар //Сарыарқа. – 1992. – 6 қараша.
2. Сардарбекова, К. Арман қала // Балқаш өңірі. – 2001. – 10 тамыз.
3. Олардың атымен көше аттары аталды сериясынан. Дәрігер М.Қазыбекованы еске алды. Балқаш, 2003. – 6 б.
4. Олардың атымен көше аттары аталды сериясынан. Дәрігер М.Қазыбековаға ескерткіш тақта орнатылды. Балқаш, 2003. – 16 б.
5. Башарұлы, Ж. Қалам менің Балқашым – мыс шаһары //Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.
6. Ақпарат айдынында. Қарағанды «Арко», 2007. – 52-53 б.
7. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 207-208 б.
8
. Қазақ медицинасының қарлығашы / Балқаш өңірі. – 2022. – 17 маусым (№44). – 4 б.
9.Мақсұтұлы, Қ. Еңбегін ел құрметтеген / Қ.Мақсұтұлы // Балқаш өңірі. – 2023. – 7 сәуір (№25). – 3 б.


Дата редактирования: 18 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика