"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Тоқтамысов Төлеуқадыр

Просмотров: 1568

    Тоқтамысов  Төлеуқадыр 1934 жылы 22 ақпан күні Қоңырат ауданы С.М.Киров атындағы колхозда (қазір Жидебай батыр атындағы ауыл) туған.  Ол 1943 жылы Балқаш қаласына көшіп келеді.
      1952 жылы №2 Абай атындағы орта мектепті алтын медальмен бітіріп,   1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономикалық философия факультетіне оқуға түседі.
     1958 жылы Т.Тоқтамысов туған қаласына оралып, еңбек жолын Гүлшат кентінде бастайды.
     1959 – 1962 жылдар аралығында Балқаш қаласы ішкі істер бөлімінің жүйесінде социалистік меншікті ұрлаумен күрес бөлімінің (СМҰКБ) бастығы болып істеді.
    1962-1964 жылдары Төлеуқадыр Токтамысұлы Қарағанды политехникалық институтының Балқаш филиалының кешкі бөлімінде «Политэкономия және философия» кафедрасының ассисенті болып, сабақ берді.
     1964 жылдың желтоқсанынан 1966 жылға дейін қалалық партия комитетінде  саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.    1966 жылы Балқаш тау –кен комбинатының  орталық зертханасында аға инженер – экономист, зертхананың бастығы (1969ж.), комбинаттың экономикалық жоспарлау бөлімінде бөлім бастығы (1971ж.) болып қызмет жасады.
       1971 жылдың тамыз айынан 1985 жылдың маусым айына дейін Балқаш тау – кен металлургия техникумының директоры болды. Осы техникумға басшылық жасаған кезінде Т.Тоқтамысұлы техникумның оқу – тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, материалдық – техникалық базасын нығайтуға күш салды.
     Т.Тоқтамысов қалада құрылған «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы басшысы болды. Зейнеткерлікке шықаннан кейін, 90-шы жылдардың аяғында Т. Тоқтамысов Балқаш жағалауына орналасқан халық тарихын зерттеу мақсатымен, «Атамекен»  қоғамдық бірлестігін құрып, соған басшылық жасады. 
     Балқаш қаласының, Балқаш өңірінің энциклопедиясын жасау үшін, көп ізденіп, тер төкті. Өзі  зерттеген халық фольклоры, эпостық жырлар мен музыка, көркем әдебиетті халық арасына таратып, артында өшпестей мұра қалдыруға тырысты.
      Т.Тоқтамысұлы Қазақстанға әйгілі өнер қайраткерлерімен, ақын-жазушыларымен тығыз қарым-қатынаста болды.
      Біздің  қаламыздың экономикалық және әлеуметтік  даму тарихына өшпестей із қалдырған, Төлеуқадыр Тоқтамысовты ұмытпау үшін, 2007 жылы Балқаш қалалық мәслихатының  шешімімен , қаламыздың  ежелгі көшелерінің бірі – Октябрьский көшесіне – Төлеуқадыр Тоқтамысовтың аты берілді.  
          Тоқтамысов  Төлеуқадыр 2001 жылы  қайтыс болды.     

Әдебиеттер тізімі:

1. Қарашолақұлы, С. Сағынышпен еске аламын бауырымды / С.Қарашолақұлы // Балқаш өңірі.
2. Тоқтамысов, Т. Біз және біздің тіліміз / Т.Тоқтамысов // Балқаш өңірі. – 1990. – 01 қаңтар(№1). – 2б.
3. Тоқтамысов, Т. «Қазақстан  халықтарының бірлігі одағы» қозғалысы Балқаш бөлімшесі жиналысының Үндеуі / Т.Тоқтамысов // Балқаш өңірі. – 1994. – 21 маусым(№43). – 2б.
4. Тоқтамысов, Т. Тарихи шындықтың үрейі / Т.Тоқтамысов // Балқаш өңірі. – 1999. – 9 қыркүйек(№62). – 8б.
5. Октябрьский көшесінің атын өзгертіп, Т.Тоқтамысовтың атын беру туралы  // Балқаш өңірі. – 2007. – 10 тамыз(№66). – 1б.


Дата редактирования: 18 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика