Томпиев Қали 1903 жылы туған. Ол 1938 жылы ашылған Балқаш мыс қорыту зауытының өндірістік байыту фабрикасының және Балқаш қаласының алғашқы құрылысшысы болып есептеледі. Томпиев Қали 1933 жылы металлургиялық өндіріс Министрлігінің қармағындағы Орал шеберлер мектебін бітіргеннен кейін, көл жағасында орналасқан Қарамұрын деп аталатын жердегі бірінші тәжірибе – байыту фабрикасында жұмыс істей бастайды және ол осы өзінің еңбек жолында көптеген өндірістік жетістіктерге жетті.
Қ.Томпиев КСРО Түсті металлургиясының Халық комиссарының және Қазақ Кеңестік Жоғары Кеңесі Президиумының Төрағасының Құрмет грамоталарымен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталған. Ол Балқаш қаласы халық депутаттары Кеңесінің депутатығына сайланып, Қазақ КРО КП ОК-нің I.II.III съездеріне (1937,1938,1940 жж.) делегат болып қатысады және III съезде КП ОК-нің мүшесі болып сайланады.
Томпиев Қали 1986 жылы өмірден қайтты.
Балқаш қаласы әкімінің 1996 жыл 23 ақпандағы №65/02 шешімімен А.Гайдар атындағы көшеге Томпиев Қалидың аты берілді.
Әдебиеттер тізімі:
2. Ихашева, А. Тұңғыш дипломды металлург / А.Ихашева // Балқаш өңірі. – 2023. – 1 ақпан (№8). – 4 б.