"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Хоружая Вера Захаровна

Просмотров: 1353

     Хоружая Вера Захаровна 27 қыркүйекте 1903 жылы Беларуссияда Бобруйск қаласында дүниеге келеді. 1942 Беларусь – екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, партизан. Мозырь қаласында әйелдер гимназиясын бітіргеннен кейін мектепте мұғалім, ал 1924-32 жылдары Батыс Беларусь коммунистік жастар одағы Орталық Комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
     1935 жылы Балқаш қаласына келіп, кен-металлургия комбинатын салуға қатысып, аудан  партия комитетінде нұсқаушы болған. 1941 жылдан Витебск облысына (Беларусь) жасырын коммунистік партия ұйымы басшыларының қатарына кірді. 1942 жылдың күзінде жау тылында қаза тапты. Хоружаяға ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.05.1960). Минск, Брест, Бобруйск, Гродно, Мозырь, Балқаш, Қарағанды тағы басқа  қалалардағы көшелер мен мектептерге Хоружаяның есімі беріліп, мемориалдық тақта орнатылған.

Әдебиеттер тізімі:

1. Балқаш. Тарих беттері. Құжаттар мен материалдар жинағы. - Қарағанды: ЖШС «арка және К», 2007. – 192 бет.
2Маратұлы, Н. Елге ерліктің ескерткіші болып оралған қыз / Маратұлы Н // Балқаш өңірі. – 2014. – 31 қазан(№120-121). – 3 бет.
3
. Маратұлы,Н  Жеңіске бастаған арулар / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2022. – 10 маусым(№42).- 8 б.


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика