"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Щербаков Олег Николаевич

Просмотров: 1202

     1925 жылы 17 қазанда Одесса қаласында (Украина) қызметші отбасында дүниеге келген. Ұлты украин. 1941 жылы майдан жақындаған уақытта Қарағанды облысы, Балқаш қаласына көшеді. Балқаш қаласындағы №1 орта  мектеп білім алады. 1943 жылы Қызыл Армияға шақырылып, Ленинград майданына жіберіледі. 1944 жылы Харьков танк училищесін бітіріп, 152-ші жеке танк бригадасының командирі болып тағайындалады.
     Нарвск қаласындағы ұрысқа қатысып, 1944 жылдың қыркүйек айында Эстония қаласын босату кезінде көзге түскен.
     1945 жылы 24 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен ерлігі, батылдығы мен батырлығы, неміс-фашист басқыншыларына қарсы күрестегі батылдығы үшін, гвардия лейтенанты Олег Николаевич Щербаковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Одан кейін ол взвод командирі болды. 1-ші Украин майданының 60-шы әскер құрамында, Польша қаласын босату ұрыстарына қатысқан. Шидлув ауданындағы жаудың қорғанысын бұзғаны үшін және Нида  өзені өткелін басып алғаны үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Сол кезде оның взбодымен жаудың 8 түрлі калибрлі қаруларын, 12 зеңбірек нүктелері және жаудың 50 жауынгер мен офицерлерінің көзі жойылды.
     Ленин Орденімен 24.03.1945 жылы, Қызыл Жұлдыз Орденімен 30.01.1945 жылы  марапатталған. Қазақстанда Балқаш қаласында және Эстонияда Тарту қалаларында мемориалдық тақталар орнатылып, Балқаш қаласындағы №1 орта мектебінің ескерткіш тақтасында оның аты жазылған.                                       
2000 жылдан бастап қаламызда Олег Щербаковтың атымен аталатын көше  бар. Интернетте оның аты Одесса қаласындағы белгілі батырлар арасында аталады және «Твои герои, Ленинград» сайтында да көрсетілген. 1945 жылдың 19 ақпанында  хабар-ошарсыз жоғалып кетеді. Ол кезде ол тек 20 жаста еді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Балқаш. Тарих беттері. Құжаттар мен материалдар жинағы. Қарағанды: ЖШС «арка және К», 2007. – 192-193 бет.
2. Қазақстандық  Кеңес   Одағының Батырлары: Энциклопедиялық жинақ – Алматы: «Өнер», 2010. – 252 бет.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика