"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Асфандьяров Закир Лутфрахманович

Просмотров: 1282

     1918 жылы Башқұрт АССР-інің Красноуюль ауданындағы Утяк селосында туған. 1939 жылы ол Омбы әскери училищесінің курсанты болды. Одан кейін Қиыр Шығыста әскери қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде артиллерия орудиесінің командирі ретінде алғы шепте болды.
     1965 жылы 9 мамырда «Балхашский рабочий» газетінде Ч. Михайловичтің «Батыр өз арамызда» мақаласы басылды. Оның мазмұны ержүрек, батыл, батыр, Отаны мен халқын сүйетін адам туралы. Ал дәлдеп айтсақ, орудие расчетының командирі З. Л. Асфандьяров өзінің жаумен алғаш шайқасуын Москва үшін шайқаста Тихвин қаласы түбінде бастады. Жауға Курск түбінде Днепрде соққы беріп, Винница мен Львов қалаларын жаудан босатты және Висла мен Одерден өтіп, соғысты Берлинде аяқтады.
     Сержант Закир Лутфрахманович командир болған орудиенің расчеты соғыс кезінде фашистердің  ондаған танкісін, машиналарын, зеңбіректерін, пулеметтерін және көптеген солдаттары мен офицерлерін жойды. Төрт күнде, яғни, 1943 жылғы 5-9 июль аралығында оның расчеты Курск шайқасында жаудың тоғыз танксін қиратып, көптеген жауынгерлерін қырды. Осы ұрыстағы ерлігі мен жауынгерлік шеберлігі үшін ол «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Закир Лутфрахманович, әсіресе Корсунь-Шевченко операция- сында батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті.
     Жау  1944   жылы   25   қаңтарда   Винница облысының «1 Мая» совхозы жерінде қарсы шабуылға шықты. Жаудың жаяу әскерін көптеген самолеттер мен танктер сүйемелдеді.
Асфандьяровтың расчеты жаудың  танктеріне қорықпастан қарсы соғысты. Расчет жаудың 10 танкісін және көптеген солдаттарын жойып, олардың шабуылын тойтарды.
     Міне, осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 1 шілдедегі Жарлығы бойынша Закир Лутфрахмановичке Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. Батыр мұнан кейін де фашистік басқыншыларға қарсы ерлікпен күресті. Львовты азат ету ұрыста да шеберлік пен ержүректік көрсеткені үшін ол 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен, Берлинді алуда «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Асфандьяров Польша үшін болған ұрыста да көзге түсіп, «Варшаваны азат еткендігі үшін» медалімен, польшалық «Польшаның азаттығы және тәуелсіздігі үшін» медалімен марапатталды.
     Соғыстан кейін көп уақыт Балқашта тұрып, Шығыс Қоңырат руднигінің № 6 шахтасында тіркеуші, смена мастері, смена бастығы болып істеді.
     1975 жылы оған «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Жаңабекұлы, С.Балқаш қаласының құрметті азаматтары = Почетные граждане города Балхаша [Мәтін]: тарихи-өмірбаяндық очерк = историко-биографический очерк. - Балқаш, 2000. - 44 б.
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.-129б.
2. Медеубаев Ш. Ер есімі – Ел есінде: Балқаш Кеңес Одағының батырлары/ Медеубаев Ш// Балқаш өңірі.-2015.-1 сәуір(№34).-3 б


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика